Бүгін Трамп пен Путин Украина мәселесіне "нүкте" қоюы мүмкін

АҚШ президенті бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. 

Бүгін Трамп пен Путин Украина мәселесіне "нүкте" қоюы мүмкін Фото: РИА Новости

Трамп Вашингтон уақытымен таңертең (Мәскеу уақытымен түстен соң – ред.) Владимир Путинмен әңгіме өрбитінін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар Украина бойынша бейбіт келісімнің бірнеше тармағын талқылайды.

– Ертең таңертең мен Украинадағы соғыс туралы президент Путинмен сөйлесемін. Қорытынды келісімнің көптеген тармағы келісілді, бірақ әлі де көп жұмыс бар. Мыңдаған жас сарбаз бен бейбіт тұрғындар қаза табуда. Әр апта сайын екі жақтан 2500 сарбаз мерт болып жатыр. Мұны дереу тоқтату керек. Президент Путинмен әңгімелесуді асыға күтіп отырмын, – деп жазды ол.

РБК-ның хабарлауынша, АҚШ басшысы Ресейдің бейбіт келісімге келетініне сенімді.

"Олар келіседі" деп жауап берген Трамп журналистің "Мәскеу Киевтен соң келісім бере ме?" деген сұрағына.

Осыған дейін Трамп пен Ақ үй бұл әңгіме барысында аумақтар мәселесі, Ресей әскерінің бақылауындағы Запорожье АЭС пен Курск облысындағы жағдай талқыланатынын мәлімдеген еді.

Кремль алдын ала бұл әңгіме туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермейтінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу