Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

117

"Қазгидромет" РМК 29 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.  

Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады Фото: ЖИ

29 қаңтар күні еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада 29 қаңтар күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында 29 қаңтарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде қар, жаяу бұрқасын болады. Күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метр.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде түнде аздаған қар мен көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Түнде және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу