Бүгін түнде Астанада үсік жүреді

755

Бүгін түнде Астанада үсік жүреді

Астана қаласында және Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін түнде Астанада 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз солтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күшейіп түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с барады. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін күн суытады. Күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу