Бүгін түнде Тобыл өзендегі су деңгейі көтеріледі

243

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылағаны байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгін түнде Тобыл өзендегі су деңгейі көтеріледі Фото: ng.kz

Сарапшылардың болжамы бойынша, өзендегі су деңгейі түнде 825 см-ге дейін көтеріліп, нормадан асады.

"Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылауы байқалады. Сарапшылардың болжамы бойынша, түнде 825 см-ге дейін көтеріледі, бұл 600 см нормадан асады. Одан кейін су деңігейі қалпына келеді. Су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындарын үрейленбеуді сұраймыз және құтқарушылардың эвакуациялау нұсқауларын орындаңыз. Кейбір автожолдар жабылады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу