Бүгін Түркістанға 20-ға жуық елдің өкілдері жиналды

675

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтіп жатыр. Маңызды басқосуда Түркістан облысы әкімдігі мен шетел компаниялары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады.

Бүгін Түркістанға 20-ға жуық елдің өкілдері жиналды

Бүгін Түркістан қаласында "Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер" атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум басталды. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден 250-ден астам делегат келді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Форумда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің дамуы және инвестициялық тартымдылығы жөнінде баяндама жасайды. ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Пискурев, "RIXOS HOTELS" президенті Фетах Таминджи, Туризмнің Еуразиялық Ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева,  Golden Camel компаниясының құрылтайшысы Еянг Джи, "DALHolding" компаниясының басшысы Демирджан Косе, "Атамекен" Ұлтттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және өзге де спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Форум аясында В2В форматындағы кездесулер өтіп жатыр. Маңызды басқосуда Түркістан облысы әкімдігі мен шетел компаниялары арасында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады. Облыстың туристік, экономикалық әлеуетін көтеру, кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында нақты жобалар ұсынылып, шетелдік инвесторлармен келісім жасау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу