Бүгін Түркияда Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары кездеседі

988

Бесінші кездесуге алғашқылардың бірі болып Иран президенті Хасан Рухани келді. Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоғанмен сириялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путин сапарлайды.

Бүгін Түркияда Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары кездеседі

Бүгін Түркия астанасында Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға арналған Астана процесінің кепіл-мемлекет көшбасшылары кездеседі, деп хабарлайды 24.kz.

Бесінші кездесуге алғашқылардың бірі болып Иран президенті Хасан Рухани келді. Сондай-ақ, Режеп Тайып Ердоғанмен сириялық мәселелерден бөлек әскери-техникалық серіктестікті талқылау үшін Ресей Президенті Владимир Путин сапарлайды.

Үшжақты кездесудің басты тақырыбы – қыркүйекте іске қосылатын Сириядағы конституциялық комитет жұмысын талқылау.

Сондай-ақ, тараптар басым бөлігі "Әл-Кайда" бақылауындағы Идлиб елдімекені бойыша пікір алмасады. Мұнда тамызда жарияланған оқ ашпау мәселесіне қарамастан жағдай ушығып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу