Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Страндж" халықаралық бокс турнирінде Тұрсынбай Құлахмет финалға шықты. Ал Қамшыбек Қоңқабаев үшінші орында қанағат тұтты, деп мәлімдеді Қазақстанның бокс федерациясы.
"Аталған турнирде аса ауыр салмақта (+91) қазақтандық Қамшыбек Қоңқабаев болгар боксшысы Петар Белберовке есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұдан екі жыл бұрын Қоңқабаев осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Соңғы бір аптаның ішінде Қамшыбек төрт жекпе-жек өткізді. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы WSB форматы бойынша өзбек боксшысына қарсы бес раундтық жекпе-жек те бар. Биылғы қола - жақсы көрсеткіш", - делінген федерацияның ресми хабарламасында. Ал 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Тұрсынбай Құлахмет украиндық Валерий Харламовты жеңіп, финалға шықты. Бүгін ол жергілікті боксшы Арман Хакобянмен кездеседі.