Бүгін UEFA чемпиондар лигасының финалы болады

486

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні футболдан UEFA чемпиондар лигасының финалы өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін UEFA чемпиондар лигасының финалы болады Фото: phonoteka.org

Бұл күні "Манчестер Сити" (Англия) мен "Интер" (Италия) кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады.

Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - румыниялық Иштван Ковач.

Екі команда бұған дейін 2011 жылы жолдастық кездесу өткізген еді. Бұл ойында "Интер" 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазірге дейін аталған жарыстың топтық кезеңінде "Манчестер Сити" А тобында Германияның "Боруссия Дортмунд" (2:1, 0:0), Испанияның "Севилья" (4:0, 3:1), Данияның "Копенгаген" (5:0, 0:0) командаларымен кездесті.

Одан кейін Германияның "Лейпциг" (7:0, 1:1),"Бавария" (3:0, 1:1), Испанияның "Реал Мадрид" (1:1, 4:0) командаларын қапы қалдырып кетті. Ал "Интер" топтық кезеңде С тобында Германияның "Бавария" (0:2, 0:2), Испанияның "Барселона" (1:0, 3:3), Чехияның "Виктория Пльзень" (2:0, 4:0) клубтарымен сынға түсті. Содан соң Португалияның "Порту" (1:0, 0:0), "Бенфика" (2:0, 3:3), Италияның "Милан" (2:0, 1:0) клубтарынан басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу