Бүгін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысушылардың өздерін жарнамалап қалатын соңғы күн. Ал, ертең сайлау алдындағы тыныштық күні. Айта кетсек, сайлауда 7 партиядан 283 кандидат өз бақтарын сынайтын болады. Бұдан бөлек өзін өзі ұсынған 609 үміткер бар.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, партия тізіміне енгізілген кандидаттардың 30 пайызы әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жаңадан жасақталатын Мәжілісте 98 депутат болады. Олардың 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу