Бүгін Үкімет Президентке есеп береді

1795

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.

Бүгін Үкімет Президентке есеп береді

Бүгін сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарлады.

"Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", – деп жазды Берік Уәли фейсбукте. 

Тікелей трансляция твиттердегі @AkordaPress аккаунтында көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу