Еуразия ұлттық университетінде қарбалас. Оған себеп те жоқ емес. Себебі, бүгін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Ілім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тест тапсырғалы тұрған түлектерге сәттілік тіледі.
Еліміз бойынша биыл 136 мың оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Оның 96 мыңнан астамы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Ал түлектердің 6300-ден астамы "Алтын белгіден" үміткер. Биылғы ҰБТ жаңа форматта өтіп жатыр. Атап айтқанда, бес пәннің үшеуі негізгі пәндер саналады. Ал үміткерлер 3 сағат 50 минуттың ішінде 120 сұрақтың жауабын тауып үлгеруі тиіс.
Еліміз бойынша 165 пунктте ҰБТ тапсырылады. Ал бұл сынақ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу