Бүгін – Ұлттық спорт күні

363

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз "Ұлттық спорт күні" болып белгіленген.  

Бүгін – Ұлттық спорт күні Фото: gov.kz

Ұлттық спорт түрлері – ата-бабадан қалған асыл мұра, олар жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтып, мәдени құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дәстүрлі ойындар – батылдық, ептілік, күш-қайрат, ар-намыс пен жылдамдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Қамқор орталығындағы балалар ұлттық спорт түрлерін жетік меңгерген. Мұнда бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, қазақша күрес, теңге ілу, құсбегілік, садақ тарту секілді ойындар күнделікті түзету-дамыту іс-шараларының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі – қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның әр саласын қамтитын мерекелік кезең.

Наурызнама онкүндігінің күндері:

  • 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
  • 15 наурыз – Қайырымдылық күні
  • 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
  • 17 наурыз – Шаңырақ күні
  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні
  • 19 наурыз – Жаңару күні
  • 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
  • 21 наурыз – Ынтымақ күні
  • 22 наурыз – Жыл басы
  • 23 наурыз – Тазару күні
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу