Бүгін үш мегаполисте метеоахуал қолайсыз болады

197

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бүгін үш мегаполисте метеоахуал қолайсыз болады Фото: inbusiness.kz

"2024 жылғы 4 қаңтарда Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу