Бүгін WTI баррелі 86 долларға дейін түсті

615

ОПЕК+ ұйымы мұнай өндірісінің көлемін тәулігіне 100 мың баррельге шектеген соң, қара алтын арзандай бастады.

Бүгін WTI баррелі 86 долларға дейін түсті

Бүгін Нью-Йорк сауда биржасында америкалық шикізаттың баррелі 86 доллар 36 центке саудаланып жатыр. Ал Brent маркалы өнім жарты пайызға арзандап, фьючерсі 92-ге түсті.

Қазір нарықтағы жағдай құбылмалы сипатқа ие. Қытай қайтадан шектеулерді күшейткен соң, сұраныс әлсіреді. Оның үстіне, АҚШ және оның одақтастары Ресей мұнайының шекті бағасын белгілеп, қысымды күшейтті. Әзірге нарыққа мол өнім шығаруға қауқарлы Иранға қарсы шектеудің алынатын түрі жоқ. Себебі ядролық келісім жасауға арналған келіссөздер тым ұзаққа созылып кетті.

Еске сала кетсек, Трамп билікте болғанда Ислам республикасына қарсы санкция жариялап, Иран 1 млн баррель мұнайын экспорттай алмай қалған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу