Бүгін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі сағат 15:00 де министрлік сайтында жарияланады, деп хабарлайды Дулат Абибуллаев фейсбук парақшасында.
1 шілдеде аяқталған Ұлттық бірыңғай тестке 88 595 түлек қатысқан еді. Биыл 67 627 түлек қазақ тілінде, 20 968 түлек орыс тілінде ҰБТ тапсырды. Тестке ең көп қатысушы ОҚО-дан болды. 84% тест тапсырушылар жоғары оқу орнына тапсыруға мүмкіндік беретін межелік деңгейден асты, ал 14 066 адам бұл деңгейге жете алмаған.
Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында мемлекеттік білім грантын иеленушілердің қортындысы жарияланады. Сонымен қатар "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газет терінің бетіне 14 тамызда шығады, деп жазылды ҚР БЖҒ ресми сайтында.