Бүгін жылжымайтын мүлік жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болады

485

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлім етті.

Бүгін жылжымайтын мүлік жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болады Фото: dknews.kz

Қазақстандықтар 20 маусым күні түске дейін жылжымайтын мүлік және жер кадастры қызметтерін пайдалана алмайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бұл жер және жылжымайтын мүлік туралы мемлекеттік деректер базаларының Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, жылжымайтын мүлікті тіркеуді, сонымен қатар eGov.kz порталы, нотариат жүйесі, салық, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің құқық қорғау органдары арқылы қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдау тоқтатылғаны айтылды.

"Іске қосу және реттеу жұмыстарына байланысты Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры және қызметтері бірнеше күн бойы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін", делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу