Бүгінде 63 адам қамауда отыр – Бас прокуратура

1117

Соттар 9 мыңнан аса әкімшілік істі қараған.  

Бүгінде 63 адам қамауда отыр – Бас прокуратура

Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде 3 мыңнан аса адам қамауға алынды. Бүгінде оның 63-і қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстардың мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті.

"Бүгінде соттар қаңтар оқиғасына байланысты 9 257 әкімшілікті істі қарады. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданылмай қаралды. 4 584 адамға сот ескерту жасады.  Бүгінде прокурардың өтініштері бойынша қамаудан 1 149 адам босатылды. 577 іс бойынша айыппұл ескертуге ауыстырылды. 393 қылмыстық іс қылмыстың құрамы болмауына байланысты толық тоқтатылды. Осылайша, сотпен әкімшілік қамауға алынған 3 314 адамнан тек 63-і қамауда отыр", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен брифингте.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу