Павлодар өңірінде 7 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Олар үшін жаңа ғимараттар бой көтермек.  

Павлодар өңірінде 7 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр Фото: Валерий Бугаев

Қазіргі уақытта Павлодар облысында мектепке дейінгі білім беретін 380 мекеме бар. Алдағы төрт жыл аралығында олардың қатарына тағы алты мекеме қосылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Соңғы екі жыл дересінде өңірде 7 балабақша салынды. Соның есебінен 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 92%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Алайда әлі күнге дейін аймақтағы 7 мыңға жуық бүлдіршін өз кезегін күтіп келеді. 
Мәселені шешу үшін жергілікті билік 2027 жылға дейін тағы 6 ғимараттың құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр. Сол арқылы 1300 балақайға балабақшаға жолдама берілетін болады. 

"Негізгі басымдықтардың бірі – мемлекеттік тілде оқытатын топтар ашу. Бүгінде аймақтағы 380 балабақшаның 256-сы балаларға қазақ тілінде тәлім-тәрбие береді. Мұнда барлығы 13 830 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осы орайда балабақша кезегіне қою, жолдама беру қызметтерінің бәрі автоматтандырылғанын атап өткен жөн", - дейді обылстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Азанбаева. 

Бұған дейін Павлодардағы мектептерде 7 мың оқушыға орын тапшы екенін де жазған едік. Бұл мәселені де жергілікті билік алдағы үш жыл дересінде төрт мектеп салу арқылы шешуді көздейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу