Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі "Тұңғыш Президент туралы" заңның қажеті шамалы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Qazaqstan телеарнасының журналисі Жайна Сламбек "Жақында Парламенттен өтіп, сіздің алдыңызға "Тұңғыш Президент туралы" заң келді. Сіз аталған заңға қол қойдыңыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар өкілеттілігі тоқтатылады. Мысалы, Қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару деген сияқты. Бұл заң өзгере ме?" деп Мемлекет басшысына сұрақ қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын мұндай заңдар қабылданғанын, бүгінде оның керегі жоғын атап өтті.
"Қазіргі таңда олардың қажеті шамалы. Оны ашық мойындамауыз керек. Келешекте осындай заңдар қабылданудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұрын олқылықтар болса да бұл біздің тарихымыз, ал тарихтан сабақ алу, бұл бәріміздің борышымыз. Біздің мақсатымыз – еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қамы туралы ойлау", – деді Президент.
Дәурен Ерболат