Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды

228

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды Фото: Ақорда

Антониу Гутерриш Түркіменстанда өтетін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясы қарсаңында Алматыға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

– Орталық осындай мемлекеттер үшін іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда жаңашыл тәсіл ұсына алады. Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды. Біз мұны сенімді түрде айта аламыз. Автокөлік және темір жол дәліздері, талшықты-оптикалық желілері арқасында Қазақстан жаһандық сауда жүйесінің, әлемдік логистиканың, көлік және телекоммуникацияның орталығына айналды. Сіздердің елдеріңіз шын мәнінде Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпір болып отыр, – деді Антониу Гутерриш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу