Бүгінгі ауа райы болжамы

592

13 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

Бүгінгі ауа райы болжамы

Осы күні Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

13-14 қарашада түнде Қостанай облысында жауын-шашын болады, Бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Ал Қостанай қаласына күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу