"Қазақстан аумағының басым бөлігінде Солтүстік-батыс антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де өз ықпалын сақтайтын болады. Тек ҚР-ның солтүстік, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен әлсін-әлсін қар жауып, жаяу бұрқасын жүруі мүмкін. Республика аумағы бойынша тұман түседі, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, шығыста желдің күшеюі күтіледі", – деп жазды синоптиктер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу