Бүгінгі БАҚ бұрынғы БАҚ-қа ұқсамайды - Дариға Назарбаева

1371

Бүгінгі БАҚ бұрынғы БАҚ-қа ұқсамайды - Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева XV Еуразиялық медиа форумның ашылуында цифрлық ұрпақтың бүгінгі келбеті туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бүгінгі БАҚ осыдан бірнеше жылғы БАҚ-қа түбегейлі ұқсамайды.

"Біздің айналамыздағы өзгерістерге келсек, бұл туралы айтатын нәрсе жетерлік. Ақпарат құралдары түбегейлі өзгерді. Ең алғаш рет 2002 жылы Алматыда бас қосқанда айфондар да, фейсбук те, инстаграм да, ватсап та болмаған. Бұл жаңа технологиялар біздің өмірімізге айналдырған 1-2 жылда еніп, ажырамас бөлігіне айналды. Пейджер деген сөз ұмытылды. Телефондарды тек көне фильмдерден көреміз. Теледидар жәшігі сұйық экранға айналды. Смартфон қазір қалтаға сыйып кететін компьютер", - деді ол.

Дариға Назарбаева бұл өзгерістердің қазіргі ұрпақ өміріне қалай ықпал етіп жатқанын айтты.

"Біз бала кезімізде қуыршақпен қалай ойнадық. Тура солай қазіргі балалар девайстерден ажырамайды. Әлемдік медиатұтыну өзге кейіпке енді. Қазіргі цифрлық ұрпақ ақпараттар әлемін көз ілеспес жылдамдықпен меңгеріп келеді. Бұл ұрпақ дәстүрлі немесе балама ақпарат көздерін қатар пайдаланады. Олар ғаламтар мүмкіндігін қалыптағы жағдай етіп қабылдайды", - деді Дариға Назарбаева.

Айта кету керек, Алматыда XV Еуразиялық медиа форум өз есігін ашты. Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу