Биржада теңге нығайды

Доллардың орташа сараланған бағамы төмендеді.   

Биржада теңге нығайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізді саудада теңге бағамы нығайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллар бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 447,40 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы долларға 448,30 теңгені құрайды. 

Kurs.kz дерегінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 446 теңге, сату – 449 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 449 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу