Бүгінгі сот отырысына Бишімбаевтың анасы қатысып жатыр

644

Бүгін, 12 наурызда әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі сот отырысына Бишімбаевтың анасы қатысып жатыр Фото: видео скриншот

Сотқа Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова қатысып отыр.

Ол журналистердің қай үкімді әділ деп санайсыз деген сұрауына "Сот шешеді" - деп жауап берді. 

Бишімбаевтың қорғаушылары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық жауап бергісі келмеді.

Қорғаушыларының айтуынша, сотталушының "қиянат" және "қатыгездік" жасады деген айыптары шындыққа жанаспайды. Ал Салтанат Нүкенованың өзі Қуандықты қатты қызғанған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу