Енді балаларды ұшаққа жалғыз отырғызатын болсаңыз, ақы төлеуге тура келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеу керек. Оның құны бір жағына — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары", — делінген хабарламада.
Әуе компаниясының мәліметінше, бұл қаржыға борт қызметкерлері сапарлайтын баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады әрі оларды экипаж бақылайды.
Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі керек. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау кезінде электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.