Бүгіннен бастап Алматыда жылу беру басталды

155

8 қазаннан бастап жылу ең алдымен балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріліп жатыр.  

Бүгіннен бастап Алматыда жылу беру басталды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жылыту маусымы ертерек басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды.

Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.

Жылу берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйелерін ретке келтіреді: радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.

"Алматы жылу жүйесі" компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді.

Қысқы кезеңге дайындық толық аяқталған. Ықтимал ақауларды жедел жою үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған.

2025-2026 жылғы жылыту кезеңінде 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу