Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат

903

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.

Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат

4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады. 4 мамырдан өңірлерде қатынайтын ұшақтардың ұшу кестесі мына жерде жарияланған.

Еске сала кетейік, бұл шешімдер ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу