Бүгіннен бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынды

172

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгіннен бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салынды Фото: iz.ru

Қазіргі уақытта көршілес елдер тарапынан қазақстандық картопқа жоғары сұраныс сақталуда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 605 мың тоннаға жуық картоп экспортталған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (411 мың тонна) 1,5 есе артық.

Көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық деңгейге жетіп, ішкі нарықтағы бағаларға айтарлықтай әсер еткен.

– Осыған байланысты, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен картопты үшінші елдерге экспорттауға, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен басқа, 6 ай мерзімге шектеу енгізілді, – делінген ақпаратта.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде 2025 жылғы 27 қаңтардағы №26 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің "Қазақстан Республикасының аумағынан картопты экспорттау мәселелері туралы" бұйрығымен үшінші елдерге барлық көлік түрлерімен картопты шығаруға тыйым салынды.

Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушылары тарапынан орын алуы мүмкін спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу