Аталған шешім 6 қазаннан, яғни бүгіннен бастап күшіне еніп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатқа сай, бірқатар азамат санаттары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтілген. Осы орайда, қосымша тегін дәрі-дәрмектер тізімі енгізілген.
"Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясындағы дәрілік заттар" бөлімі бірнеше препаратпен толыққан.
Олар:
- Бронхиалды астма – Тезепелумаб;
 - Псориаздық артропатия – Гуселькумаб;
 - Гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб;
 - Ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб;
 - Крон ауруы – Ведолизумаб;
 - Көп ошақты склероз – Офатумумаб;
 - Прогрессивті жүйелі склероз, жүйелі склеродермия – Ритуксимаб;
 - Қалқанша безінің қатерлі ісігі – Селперкатиниб;
 - Өкпе обыры – Селперкатиниб;
 - Көптік миелома – Помалидомид.
 
Еске салайық, бұл шешім 2025 жылдың 19 қыркүйегінде қабылданған болатын, бірақ 6 қазаннан бастап күшіне енді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу