Қысқы шина көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы керек, ал протектор биіктігі 4 мм-ден кем болмауы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл көліктің тежеуін орнықты етеді әрі тайғанамайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін автокөлік қысқы доңғалақтармен жүреді.
Талап орындалмаса, 5 АЕК айыппұл қарастырылған, бұл 19 660 теңге. Ескертуді елемеген жағдайда айыппұл 20 АЕК көлемінде қарастырылған, яғни 78 640 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу