Бүгіннен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады

730

"Нұр-Сұлтан-Павлодар", "Қапшағай-Талдықорған", "Тараз-Қайнар", "Шымкент-Тараз", "Шымкент-Қызылорда", "Шымкент-Ташкент", "Щучинск-Көкшетау" жолдарында ақы алу жүйесіне қорытынды тестілеу жүргізілді.  

Бүгіннен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады

Аталған учаскелерді ақылы ету туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті, 23 қарашада заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол"  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

1. "Қапшағай-Талдықорған", 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

2. "Тараз-Қайнар", 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.

3. "Шымкент-Қызылорда", 2 127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.), Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

4. "Шымкент-Тараз", 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.

5. "Шымкент-Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.

6. "Нұр-Сұлтан-Павлодар", 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.

7. "Нұр-Сұлтан-Павлодар", 1 239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

Қала ішіндегі ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары:

1. "Қапшағай-Талдықорған", Алматы қ., Абылай хан көшесі, 27/27;

2. "Тараз-Қайнар", Тараз қ., Әйтеке би көшесі, 73-үй;

3. "Шымкент-Қызылорда", Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4А, және 1825+400 шақырымда, "Аманкелді" кемпингінде, оң жағынан;

4. "Шымкент-Тараз", Тараз қ., жолшы алабы 1 В, Шымкент қаласына барар бағытта, "Раушан" кафесі;

5. "Нұр-Сұлтан-Павлодар", Ленин кенті, Жасыбай батыр көшесі, 2/1 (ЖЭУ-61), Нұр-Сұлтан қаласына барар бағытта оң жағынан және Павлодар қаласында Сәтбаев көшесі, 97.

Бүгінгі таңда ақылы автомобиль жолына іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1 000 теңге жылдық абонемент сатып алу мүмкіндігі бар. Абонементтердің әрекеті ақылы учаскенің барлық бағыты үшін екі бағытқа да қолданылады. Аталған мүмкіндікті келесі аудандарда тіркелген жеңіл АКҚ иелері алуға құқылы:

1. "Қапшағай-Талдықорған" Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, Талдықорған қаласы;

2. "Тараз-Қайнар" Қордай, Шу, Мерке, Т. Рысқұлов, Байзақ аудандары;

3. "Шымкент-Тараз" Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;

4. "Шымкент-Қызылорда" Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;

5. "Шымкент-Ташкент" Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары;

6. "Щучинск-Көкшетау" Бурабай, Зеренді, аудандары, Щучинск қаласы;

7. "Нұр-Сұлтан-Павлодар" Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалаларының аумағы.

Жергілікті жеңіл автокөлікке жылдық абонементті рәсімдеу үшін:

- Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының операторларына жүгіну;

- Автомобильге жеке куәлік пен техникалық құжаттаманы ұсыну;

- Өтінішті жазу;

- 1 000 теңге көлемінде төлем жүргізу;

- Чекті алу қажет.

Сондай-ақ абоненттік төлемді ресімдеу үшін берешектің жоқ екенін алдын ала тексеріп, өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен 1 000 тг сомасына өзіңіздің жеңіл көлік құралыңыздың балансын толтыру қажет. Одан кейін 1403 нөміріне, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ байланыс орталығына қоңырау шалып, абонемент ресімдегіңіз келетіні туралы хабарлау керек. Байланыс орталығының операторы сіздің көлік құралыңыздың деректерін тексереді, барлық қажетті параметрлер сәйкес келген жағдайда абонемент ресімделеді.

Жергілікті тұрғындарға жеңілдік абонементтерін рәсімдеу үшін бір апта ішінде ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарына немесе тәулік бойы 1403 қысқа нөміріне хабарласқан жөн.

Естеріңізге сала кетейік, абоненттік төлемді ақылы автомобиль жолына іргелес аудандарда тіркелген жеңіл көлік құралдары бар пайдаланушылар рәсімдей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу