Бүгіннен бастап шетелдіктерге визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізілді

974

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы ғана елімізге кіреді және шыға алады.

Бүгіннен бастап шетелдіктерге визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізілді

Бүгіннен бастап елімізде шетелдіктерге бір мәртелі визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізіледі, деп хабарлайды СІМ.

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) ҚР ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Шетелдіктер жарамды электрондық визамен Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы ғана елімізге кіреді және шыға алады.

Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін – 23 елдің азаматтарына беріледі.

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды. Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Қазақстанға кіру үшін бір мәртелі туристік электрондық визаларды алуға мүмкін елдердің толық тізімін сілтемені басу арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу