Бүгіннен бастап "Түркістан – Шымкент" бағытында жүрдек пойыз жүреді

2392

Жол ақысы  609 теңгені құрайды.

Бүгіннен бастап "Түркістан – Шымкент" бағытында жүрдек пойыз жүреді

Түркістан қаласында "Түркістан-Шымкент" жүрдек қала маңы пойызының жаңа бағытын іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы.

Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі міндетін атқарушысы Нүкенов Қайрат Теміршотұлы, "Қала маңындағы тасымал" АҚ бас директоры Сүлейменов Мұхтарбек Шәметұлы, құрметті теміржолшы және Түркістан қаласының тұрғыны Каримов Асатулла, жол бөлімінің өкілдері қатысты.

Өз құттықтау сөзінде Қайрат Теміршотұлы осы шаранын қала тұрғындары және қонактары үшін маңыздылығын атап өтті.

"Түркістан-Шымкент" бағыты аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүреді.  Жол жүру уақыты - 2 сағат 15 минут. Пойыздағы жалпы орын саны 175. Құрам қазіргі заманғы жылыту және кондиционерлеу жүйесімен, арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылар және орындармен жабдықталған. Жол ақысы  609 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, осы жылдан бастап  "Қала маңындағы тасымал" АҚ-аптасына 5 рет қатынайтын әлеуметтік маңызы бар "Түркістан-Бадам" және "Түркістан-Сарыағаш" бағыттарын іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу