Бүгіннен бастап жол-патрульдік полициясы күшейтілген кезекшілікке көшті

394

Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық операциясы басталды. 

Бүгіннен бастап жол-патрульдік полициясы күшейтілген кезекшілікке көшті Фото: inbusiness.kz

ІМ баспасөз қызметі мәліметінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ЖҚЕ кез келген бұзушылықтарына нөлдік төзімділік қағидатын нығайту мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген режимге көшті. Операция кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңға жуығы қала сыртындағы автожолдарда тұрады. Қауіпсіздік белдіктерін, балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалануға, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға және ерекше назар аударылды", - деп атап өтті ІІМ.

Патрульдер жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды, ауа-райының нашарлауы кезінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Іс-шара 2024 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу