Бұхарада мектеп оқушысы күн энергиясынан зарядталатын "Шахзод" электромобилін жасады

499

Шахзод Эркинов үш жасынан бері Бұхара облысының Вабкент ауданындағы "Робототехника" клубының мүшесі.

Бұхарада мектеп оқушысы күн энергиясынан зарядталатын "Шахзод" электромобилін жасады Фото: google

Бұхаралық бала күн энергиясынан зарядталатын "Шахзод" электромобилін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Podrobno.uz.

Шахзод жақында өз қолымен электромобиль құрастырып шықты. Көліктің бір ерекшелігі оны қарапайым батареямен ғана емес, күн энергиясымен де зарядтауға болады.

Электромобиль әдейі жаңа технологиялар мен классиканың ұтымды үйлесімін көрсету үшін ретро стильде жасалғаг. Оған қоса көлікте саусақ ізін тексеретін сенсор орнатылған, яғни көлікті тек иесі ғана іске қоса алады.

Электрокар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады. Қажетті техникалық жұмыстар жүргізілсе оның жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін арттыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу