Бұхарадағы ірі өрттің салдарынан 23 дүкен өртеніп кетті

449

31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Бұхарадағы Ибн Сино көшесінде болған ірі өрттің салдарынан 23 дүкен өртеніп кетті. 

Бұхарадағы ірі өрттің салдарынан 23 дүкен өртеніп кетті Фото: eadaily

Бұл туралы сейсенбіде Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомство хабарлағандай, өрт туралы хабарлама облыстың ТЖ жөніндегі жергілікті басқармасына 02.05 (Астана уақытымен 03.05) келіп түсті. Оқиға орнына 11 өрт сөндіру-құтқару экипажы мен арнайы техника жіберілді.

Өрт жалпы ауданы 700 шаршы метрді қамтыды. Тек сағат 03.11-де өрт толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан Бұхараның орталық дехкан базарына жататын сауда кешенінің 15 дүкені мен жанында орналасқан сауда павильонының 8 дүкені өртенді.

Зардап шеккендер жоқ,  тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу