Бухаресттегі Ресей елшілігінің қызметкерлері 55%-ға қысқарады

1080

Іс жүзінде тек 11 дипломат пен 29 көмекші қызметкер Мәскеуге оралуға мәжбүр.

Бухаресттегі Ресей елшілігінің қызметкерлері 55%-ға қысқарады Фото: Риа новости

Министр Богдан Аурескудің бұйрығымен Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ресейдің Бухаресттегі Елшісіне Ресей елшілігіне бекітілген қызметкерлер санын 55%-ға, шамамен Румынияның дипломатиялық делегациясының деңгейіне дейін қысқарату керектігін хабарлағанын жеткізді, деп жазады Inbusiness.kz. 

Румыния СІМ өзінің БАҚ-тағы хабарламасында 1961 жылғы Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар туралы Вена конвенциясының ережесіне сілтеме жасайды, оған сәйкес нақты келісім болмаған жағдайда қабылдаушы ел шетелдік елшілікте қалыпты деп санайтын персоналдың санын анықтай алады.

Мәлімдемеге сәйкес, бұл шара "Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастың күрт бұзылғанының" айқын көрінісі.

Бухаресттегі Ресей елшілігінде 21 дипломатиялық лауазым және 30 техникалық және әкімшілік қызметкерлер қысқартылады, бірақ іс жүзінде тек 11 дипломат пен 29 көмекші қызметкер Мәскеуге оралуға мәжбүр болады, өйткені кейбір лауазымдар бос қалады.

Румынияның Сыртқы істер министрлігі кімді үйге жіберу керектігін шешу үшін Ресей тарапына отыз күн уақыт берді. Сол уақыт ішінде тиісті шаралар қолға алынбаса, Румыния өзі шешім қабылдауға құқылы.

Румыния билігінің мұндай шешіміне қарсы шыққандар да бар. Румыния Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Адриан Северин елшілік штатын 50%-ға дейін қысқарту ешқандай нәтиже бермейтін қауіпті  қадам деп бағалады.

"Румыния СІМ-нің Ресей елшілігінің қызметкерлерін қысқартуды талап ету туралы шешімі — бұл біз ресми түрде соғысысқа түспеген қуатты көрші мемлекетке қарсы жасалған тиімсіз әрі қауіпті соққы, - деді Румынияның бұрынғы Сыртқы істер министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу