Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында қызмет көлемі 54 млрд теңгеге жетті

439

Елімізде 483 аудиторлық фирма жұмыс істейді. 

Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында қызмет көлемі 54 млрд теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

Бірақ KASE биржасының тізіміне 24 ұйым ғана енгізілген, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бухгалтерлік есеп пен аудит, салық салу бойынша кеңес беру саласындағы қызмет көлемі 53,5 млрд теңге болды.

Бүгінгі таңда республикада 483 аудиторлық ұйым бар. Олардың басым бөлігі Алматы (209 ұйым), Астана (137 ұйым) және Шымкент (27 ұйым) қалаларында орналасқан.

Ресурстың жазуынша, KASE-пен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне біліктілік талаптарына сәйкес келетін ұйымдар ғана енеді. Тізім екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгейге 13 фирма кірсе, екінші деңгейде 11 ұйым бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу