Бұқаралық спорт жалпыұлттық деңгейге көтерілген жоқ

1402

Бұқаралық спортты дамытуға бюджеттен мардымсыз қаржы бөлінеді.

Бұқаралық спорт жалпыұлттық деңгейге көтерілген жоқ

Ел азаматтарының 30,6%-ы ғана спортпен тұрақты айналысады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева айтты. 

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысып жүрген адамдардың саны жалпы халық санының 30,6%-ын құрап, 2014 жылмен салыстырғанда небары 5%-ға өсті. Халқының 60%-ға жуығы спортпен айналысатын АҚШ, Жапония, Канада сияқты елдермен немесе халқының 55%-ы спортпен шұғылданатын Ресеймен салыстырсақ, біздің көрсеткішіміз төмен деңгейде", – деді Гүлмира Исимбаева.

Мәжіліс төрағасы орынбасарының сөзінше, мектеп жасындағы балалардың 59%-ға жетер жетпесі, ал жоғары оқу орындары студенттерінің 31%-ы ғана дене шынықтыру және спортпен айналысады.

"Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымы дамымаған. Мұндағы спорт залдарда спорт құралдары мен жабдықтар тапшы. Қынжылтатыны, бұқаралық спортты дамытуға бюджеттен мардымсыз қаржы бөлінеді", – деді Гүлмира Исимбаева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу