Бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары әзірленді

1353

Заң жобасы сәуір айында парламентте талқыланады. 

Бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары әзірленді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, 
үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңының және бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы жасалды.

"Құжатта балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісін кеңейту мен білім берудің барлық деңгейінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент енгізуді іске асыру мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс сабақ жүргізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу мен  
халықпен жұмыс істеу үшін спорт нұсқаушыларын штаттық бірлікпен қамтамасыз ету қарастырылды" – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу