Бүкіл әлем бойынша iPhone 14 жеткізу мерзімі келесі жылға өзгертілді

441

Сатып алушыларға тапсырыстар 3 қаңтардан кейін ғана жеткізіледі, деп хабарлайды My drivers порталы. 

Бүкіл әлем бойынша iPhone 14 жеткізу мерзімі келесі жылға өзгертілді Фото: applepro.news

Егер жаңа iPhone 14 Pro және iPhone 14 ProMax смартфондарының сатылымы басталғаннан кейін ресми сайтта тапсырыс күту уақыты шамамен 4-5 апта болса, онда өнім сатып алушыға 2023 жылдың 3 қаңтарынан кейін жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Яғни АҚШ тұрғындары Рождествоға сыйлық ретінде Apple гаджеттерін алуы екіталай.

Қытайдағы карантиндік шараларға байланысты Чжэнчжоудағы әлемдегі ең ірі iPhone зауыты, Apple серіктесі Foxconn компания жұмысында үзілістер болды. Қытайда COVID-19 өршуіне байланысты зауытта локдаун енгізіліп, оның салдары өндіріске тікелей әсер етті — ағымдағы тоқсанда тек 79 миллион құрылғы жөнелтілетіні хабарланды, ал бастапқыда 85 миллион смартфон жасалуы керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу