"Бүкіл әлемге танымал": Алмас Кішкенбаев екінші әйелі туралы айтты

634

Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасында танымал.  

"Бүкіл әлемге танымал": Алмас Кішкенбаев екінші әйелі туралы айтты Фото: ашық дереккөз

Көптен бері көрінбей кеткен әнші Алмас Кішкенбаев тележүргізуші Анна Данченкоға шығармашылығы, жеке өмірі туралы сұхбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Superstar KZ" жобасының жеңімпазы шығармашылыққа бет бұрғанын атап өтті. Сонымен қатар қазір продюсер Ерлан Әлімовпен жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Тележүргізуші әншіден "Сіздің екінші рет үйленгеніңіз рас па? Тағы да әке болдыңыз ба?" деп сұрады. Әнші екі қызы ғана бар екенін айтты. Алайда екінші рет үйленгенін жоққа шығармады. 

"Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасында танымал. Өзінің саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен бұл тақырыпты жауып қояйық", - деді Алмас Кішкенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу