"Бүкіл қазынаны ұрлаған, танысқым келмейді": Салтанаттың Бишімбаевпен қалай танысқаны айтылды

502

Бишімбаев 2022 жылдың 4 маусымында Нүкеноваға консультацияға жазылған. 

"Бүкіл қазынаны ұрлаған, танысқым келмейді": Салтанаттың Бишімбаевпен қалай танысқаны айтылды Фото: видеодан алынған кадр

Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова Бишімбаевтың Салтанатпен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, айыпталушы Бишімбаев 2022 жылдың 4 маусымында Нүкеноваға консультацияға жазылған. 

"Ол концультация алғысы келетінін жазды. Мен Салтанаттың ер адамдармен тіпті онлайн да кеңеспейтінін айттым. Сосын Камилла есімді қыз консультацияға жазылды. Ол досымен бірге келетінін айтты. Салтанат екеуіміз қызы мен жігіті екен деп ойладық. Оларды консультацияға жаздым. Екі аптадан кейін Камилла Салтанатқа қоңырау шалып, досымен кездесуді сұрады. Салтанат "Ол бұрын үйленген, бүкіл қазынаны ұрлаған, онымен танысқым келмейді", деп жауап берді", - деді көмекшісі. 

Нүкенованың көмекшісі, Салтанатқа үйленуге ұсыныс жасағанын әлеуметтік желі арқылы білгенін жеткізді. 

“Сосын әлеуметтік желіден оның үйленетінін, оған ұсыныс жасағанын білдім. Телефон соғып, құттықтағанымда, жігіті консультацияға жазылған Қуандық екенін айтты. Желтоқсанда Қуандықтың Шымкент қаласынан екенін білдім. Салтаға телефон арқылы сөйлестік. Ол енді Шымкентке жиі келетінін, жиі көрісетінімізді айтты. Содан кейін оның әлеуметтік желілердегі құпия сөздерін ауыстырып жібергеніне таңқалдым. Оның көмекшісі болғандықтан, бұрын желідегі құпия сөздерін білетінмін. Ол телефон соғып, Шымкентке келетінін айтты, қуанып қалдым. Таңғы асқа кездесеміз деп келістік. Алайда таңертең екеуінің арасында айқай шыққанын хабарлап, кездесе алмайтынымызды жазды. Оған қатты мән бермедім. Олар жаңадан үйленген, жәй ғана реніш шығар деп ойладым", - деді Анар Тасова. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу