Қытайдың Ухань қаласында бүкіл әлемдік әскери ойындарында (CISM) таэквондо бойынша сайыстар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жарыстың бірінші күнінде таеквондошылар 87 келіден жоғары, 74 келіге дейінгі және 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынауда.
Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров (+87 кг) бірінші кездесуінде Египет спортшысын 17:7 есебімен ұтып, жарысты сәтті бастады.
Қыздардан Айнагүл Батыр (-49 кг) алғашқы айналымда Индия спортшысын 15:7 есебімен жеңді.
Ал 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Шыңғыс Сәндібеков болса өзбекстандық спортшвға 20:25 есебімен жол беріп, жарысты тоқтатты.
Бүкіләлемдік әскери ойындарда таэквондо бойынша жарыс 26 қазанда аяқталады.