Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымында "Өзбек жолбарыстары" өнер көрсетпейді

676

Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымында "Өзбек жолбарыстары" өнер көрсетпейді

"Астана арландары" өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы қашан басталатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz. 

"WSB жобасының жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталады", - деп жазады жобаның ресми сайты. 

Шамамен жобаның жаңа маусымы 3-4 ақпан күні ашылмақ. Додаға 11 команда түседі. 

WSB жобасының чемпионы елордалық "Астана арландары" Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі. "Қытай айдаһарлары" мен "Ресей патриоттары" бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз.

Үндістандық клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан "Өзбек жолбарыстары" командасының орнын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасында жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Америка құрылығында Аргентина елінің командасы жоқ. 

Айта кетейік, "Астана арландары" - WSB жобасындағы ең табысты команда. Біздің ұжым бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет куболық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу