Бүкіләлемдік пошта күніне орай 500-ден аса ардагерге сыйлық берілді

1021

Бүкіләлемдік пошта күніне орай 500-ден аса ардагерге сыйлық берілді

"Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалының ұжымы Бүкіләлемдік пошта күніне орай өздерінің 500-ден астам ардагеріне арнайы сыйлық таратты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалының маркетологы Айнұр Габдрахымованың сөзінше, сыйлықтарды жеткізу өткен аптаның жұмасында басталып, бүгін аяқталған.

Сыйлықтардан "Қазпоштаның" бірде бір зейнеткері тыс қалған жоқ. Тіпті, осыдан бір апта бұрын шыққан зейнеткерлерден бастап, еңбек демалысына 20 жыл бұрын кеткен әріптестерін қамтыған.

"Ардагерлерге сыйлық ретінде ұн-шай, қант, тәтті-тоқаштар салынған азық-түлік себеті берілді. Сыйлықтар "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" қаражатына алынды. Аталмыш одақтың төрағасы Айнаш Ілиясованың бастамасы бойынша жүзеге асырылып, бұрын-соңды пошта мекемелерінде жұмыс істеген зейнеткерлердің барлығы қамтылды. Сыйлықтарды тарату жұмыстарын аудандар мен қалалардағы пошта бөлімшелерінің қызметкерлеріне жүктелді", - дейді Айнұр Габдрахымова.

Маманның сөзінше, "Қазпошта" жұмысшыларынан осы кәсіподақ қорына ай сайын ақша аударылып тұрады. Бұл қаражат осындай мерекелер кезінде жұмсалады. Атап айтқанда, жыл сайынғы наурыз, жаңа жыл, қарттар күні, жеңіс күні мерекелері кезінде осындай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу