Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Гран-при мен GRAND SLAM финалдарын кейінге қалдырды

572

Атап айтқанда, 2020 жылғы Гран-при додасының Канкундегі (Мексика) финалдық бәсекесі мен Усиде (Қытай) жоспарланған Grand Slam жарысы 2021 жылға қалдырылды. 

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Гран-при мен GRAND SLAM финалдарын кейінге қалдырды

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті 2020 жылғы Гран-при кезеңінің финалдық бәсекелерінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау және де спортшылар үшін жарысты әділ өткізу мақсатында атқарушы комитет Канкун және Усидегі әлемдік додаларды кейінге қалдырған. Атап айтқанда, 2020 жылғы Гран-при додасының Канкундегі (Мексика) финалдық бәсекесі мен Усиде (Қытай) жоспарланған Grand Slam жарысы 2021 жылға қалдырылды.

Атқарушы комитет қазіргі таңда екі елдің ұйымдастыру комитетімен тығыз қарым-қатынаста және осы екі жарыстың жоғары дәрежеде әрі қаупсіз өткізілуін өзара талқылап жатыр.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу