Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чхунвон Чоу жыл соңына дейін Азия және Еуропа спортшылары Токио Олимпиадасына іріктеу сындарына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды olympic.kz
Бүкіләлемдік федерациясы азия аймақтық іріктеу турнирін Қытайдың Уси қаласынан Иорданияның Амман қаласына ауыстырған болатын. Алайда, кейін жарыс белгісіз уақытқа шегерілді.
"Азия мен Еуропадағы спортшыларымыз турнирге биыл қатысады деген үмітіміз бар. Біз әлемдегі ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Алдымыздағы ең үлкен міндет – COVID-19 індетін жеңу", – деді Чоу мырза.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу