Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы: ЭКСПО қалашығы қазақ елінің бренді

1048

Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы: ЭКСПО қалашығы қазақ елінің бренді

Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рафаи ЭКСПО қалашығын қазақ елінің бренді деп атады. Өзіндік бойтұмары бар Астананы туристер ағылатын көрікті қала деп бағалады. Бұл туралы 24.kz. жазады.

Мәртебелі мейманның айтуынша, әлем Қазақстанды "мұнайлы мемлекет" деп қана емес, туризмі қарыштап дамыған береке-бірлігі бекем ел ретінде тануы тиіс. Ал "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың айтуынша, Арқа төріндегі айтулы шараны аз уақыт ішінде 400 мың адам тамашалап үлгерген. Әсіресе "Нұр Әлем" сферасы өзінің бірегей сәулеті және ішкі мазмұнды көрінісімен туристерді қызықтыра бастады. Соңғы күндері оған 150 мыңға жуық адам барған. Жалпы көркі көз тартар ару қаланы көруге келетіндер саны жыл санап артып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу